Есенов университетінің базасында әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу бойынша іс-шаралар өткізілді

16.06-22.06.2022 жылдар аралығында Есенов университетінің базасында әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу бойынша іс-шаралар өткізілді.

Комиссия құрамына:

әділет аға лейтенанты Н.А. Нұрболатов, Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің офицері;

капитан Мамедниязов И. Е., Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті штабының кадрлар бөлімшесінің және саптық бөлімшесінің бастығы;

Сәрсенбаев Б. С., теңіз академиясының директоры;

запастағы 1-дәрежелі капитан М. Е. Мейрамов, әскери кафедраның бастығы.

Екі кезеңнен тұратын әскери кафедраға түсу үшін студенттерді іріктеу бойынша конкурс өткізілді.

Талапкерлерді психо тестілеу
Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру.

Дене шынықтыру бойынша нормативтер:

100 метрге жүгіру
жолақты тарту
3 шақырымға жүгіру

Leave a Reply