Yessenov университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық кеш өтті

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен Республика күні – 25 қазан енді мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі.

Yessenov University әскери кафедрасында «Қазақстан – Туған жерім, Туған Елім!» атты тақырыптық кеш өтті. Қазақстан Республикасының күніне арналған. Кештің мақсаты – қазақстандық патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ел тарихындағы айтулы оқиғалар туралы жастардың ой-өрісін кеңейту. 2 курс студенттері 1990 жылғы тарихи оқиғаларға байланысты театрландырылған көрініс дайындап, патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындады.

25 қазан – еліміз үшін Қазақстан тарихындағы ең маңызды даталардың бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Расында, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді.

Декларацияда Қазақ КСР-нің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Тұңғыш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидаларын бекітті.

Leave a Reply