Әскери кафедрада Президент Жолдауы талқыланды

Yessenov University әскери кафедрасында әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник С.К. Нажекеновтің төрағалығымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру шарасы өтті.
Кездесуге кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Ел Президенті биылғы Жолдауында экономика мен әлеуметтік салаға басымдық берді. Мемлекет басшысы әскери-өнеркәсіп кешенін нығайту мәселесіне жеке тоқталды.
Президент армиямыз заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті. Әскери-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайтуды маңызды мәселелердің бірі деп атады, дамыған елдерде бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Қазақстан армиясы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, барлау жүйелерімен, броньды машиналармен, атыс қаруларымен, заманауи дәлдіктегі қару-жарақпен және оқ-дәрілермен қамтамасыз етіліп, қару-жарақ пен әскери техниканы зауыттық жөндеу жұмыстарын жолға қою керек.
Кездесуге қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды. Сондай-ақ ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырудың түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасу болды.

Leave a Reply