Yessenov University әскери кафедрасында жауынгерлік атыстар жүргізілді

Әскери кафедрада оқудың шарықтау шегі-жауынгерлік атыс. Оқу жиындары аясында Yessenov University әскери кафедрасының студенттерімен 29011 әскери бөлімінің «Оймашы» полигонында практикалық сабақтар өткізілді.
Атысқа 124 студент тартылды. Практикалық сабақтар барысында студенттер №1 Бақылау ату жаттығуын орындады. Яғни, бұл 100 метр қашықтықтан нысана бойынша жату позицияларынан (шеңберлері бар кеуде фигурасы) ату. Осы позициядан 10 жалғыз оқ атылды. Жаттығуды орындамас бұрын студенттермен жаттығулар өткізіліп, қауіпсіздік шаралары зерттелді.
Біздің студенттер әскери кафедрада алған барлық теориялық білімдерін пайдалана отырып, тамаша нәтижелер көрсетті.
Ең үздік нәтижелерді Наурызбаев Абзал мен Шақабай Серік көрсетті.

Leave a Reply